Биоақпараттандыру
және синергетика» - сапалы білімнің жемісі
Бабатай негізгі мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Саканова У.К.
Қазіргі мектептегі білім беру жүйесінде оқыту
сапасын көтеру басты мақсаттың бірі. Осы мақсатқа жету барысында оқыту
жүйесінде көптеген қиындықтар туады. Мәселенің шешімін табу үшін ғалымдар әр
түрлі оқыту технологияларын ойластырып, тиімді технологияларды мектеп жүйесіне
енгізуде. Білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді технологиялардың бірі
қазақстандық ғалым Ф.Я. Вассерманның -
«Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясы. Бұл технология
Қазақстанның мектептеріне біртіндеп енгізілуде.
Астана қаласында өткен семинарға қатысқан
Бабатай негізгі мектебінің мұғалімдері де бұл технологиядан хабардар болып,
ерекшеліктерімен танысып қайтты. Мұғалімдердің өткізген сабақтарынан
байқағанымыз технология оқушылармен қоса мұғалімдерге де қолайлы. Мұғалімдер
жұмысын сапалы жүргізе отырып, өз уақытын үнемдейді. Технологиялық карталарға
күнделікті сабақты жоспарлау үлгісі енгізілген. Яғни, күнделікті жоспарды жазғанда технологиялық карталардың кейбір пункттерін толықтырып отыру керек. БжС
технологиялық карталары мұғалімге қай
жағынан болмасын қолайлы.
Технологияда
барлығы 11 технологиялық карта бар:
6 карта – «Алгоритм», «Биоинтернет»,
«Жаттықтырғыш», «Логика», «Көшбасшы», «КТС».
5 карта гуманитарлық пәндерге: «Ауызша
сабақ 1,2,3,4», «Әмбебап сабақ».
«Биоақпараттану және синергетика»
білім беру технологиясындағы әр картаның өзіндік
ерекшелігі, мақсаттары бар. Соның ішінде
біз өткен 6 технологиялық картаның мақсаттары:
1. «Алгоритм» картасы – оқушылардың жаңа тақырыпты сапалы
меңгеруіне септігін тигізу.
2. «Биоинтернет» картасы- білім мен біліктілікті сөйлеу арқылы
қалыптастыруды мақсат етіп, міндетті түрде «Алгоритм» картасынан кейін қолданылады.
3. «Жаттықтырғыш» картасы – тақырыпты қорытындылап, ақпарат алмасу үрдісін жетілдіру және
міндетті түрде «Биоинтернет» картасынан кейін қолданылады.
4. «Логика » – оқу
материалын сапалы меңгерту, сыни ойлауды дамыту. Логиканы қалыптастыруға
қолданылады. Осы картаның көмегімен жоғары күрделілік деңгейдегі тапсырмаларды
орындауға мүмкіндік туады.
5. «Ауызша сабақ» – 1 ,2 –
сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін
дамыту. Бұл технология ойлаудың барлық типін дамытуға көзделген.
«БжС»
технологиясы бойынша өткізілген сабақтардың дәстүрлі
сабақтардан ерекшеліктері:
-
Сабақ басталмас бұрын сапа нормасы
есептелінеді. Яғни, пән бойынша 5 пен 4 алған оқушылар саны 63%-ды құрауы
керек.
-
Сабақтың мақсаты түсіндірілген соң, сыныпты
белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.
-
Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі
(ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі.
-
Тапсырмалар деңгейлер бойынша беріледі.
ТКШ
– төменгі күрделілік шегі. Бұл баланың негізгі даму деңгейіне сәйкес келеді.
Синергетикалық өлшемдерге байланысты ең аз мөлшердегі оқу элементтерін беруді
жоспарлайды.
АКШ – аралық күрделілік шегі.
Қиындықтың орташа деңгейі.
ЖКШ – жоғары күрделілік шегі. Бұл
қиындықтың орташа деңгейіне қатысты оқу материалындағы оқу элементтерінің
мазмұнынан 2 есе, қиындықтың төменгі деңгейіндегі оқу элементтерімен
салыстырғанда 3 есе күрделі
-
Тапсырманы орындауға уақыт шектеулі. Сыныптағы 5 оқушы
тапсырманы орындап болғаннан соң, қалған оқушыларға тапсырманы орындап
бітірулеріне 30 секунд уақыт беріледі.Тапсырманы орындау барысында оқушының бар
зейіні сабақта болады, жылдамдыққа жұмыс істеуге үйренеді.
-
ООМ-
орынға отырғызу матрицасын қолдану мұғалімге оқушының сабаққа қаншалықты көңіл
бөлгендігін бақылауға көмектеседі. Матрица сабақ басталар алдында тақтаға сызып
қоюға болады, немесе арнайы матрица тақталары болады. Әр оқушының жеке отыру
орнының коды болады.
-
оқушылар белсенді жұмыс жасайды, тапсырмаларды өз
беттерінше орындап үйренеді;
- бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады;
-
оқушылардың тапсырмаларды орындау уақытпен
шектеледі.
-
жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері
қолданылады.
-
Өздерінің білгендерін басқаға түсіндіру
арқылы, өзара қарым-қатынас орнайды, тілдік дағдылары дамиды.
Қорыта келе, «Биоақпараттандыру және
синергетика» технолгиясы арқылы дарынды балаларды тануға болады. Оқушылардың
есте сақтау қабілеті, зейіні, ойлау қабілетінің
жылдамдығы дамиды. Ең бастысы, мектептегі
білім сапасын көтерудің шешімін табуға болады.