«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім  бәлімі Бабатай ауылының негізгі  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа станции Бабатай отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Прехидент күні

09.01.2017

Жос

 


 

Кіріспе

 

 

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы

өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы

қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа

халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген

ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің

мемлекеттігін қалпына келтіре алды.

Нұрсұлтан

Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет

тәуелсіздігі туралы» Жарлығы жарияланысымен – ақ, дүние жүзінің құлағы елең

етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды мойындай бастады. Алғашқылардың бірі

болып, тәуелсіздігімізді таныған Түркия мемлекеті. Содан бері әлемнің жүзден

астам еліменҚазақстан емін – еркін достық байланыс жасап үлгерді. Бұл күнде

Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше, Бірінші қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының

Батыры Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.Қазақстан Қарулы күштері құрылды. Тәуелсіз

Қазақстанның Конституциясы бекітілді. Қазақстан бүкіләлемдік сауда ұйымына

кірді. Ұлттық теңгеміз өмірге келді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы

салынды.

Тақырыптың

өзектілігі. Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем

танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық

өмір сүрудің уақыты өткен. Әлемдік интеграцияға қосыла отырып қана әр ел өзінің

экономикасын дамыта алады, қауіпсіздік нығайтады, сол арқылы ішкі тұрақтылықты

қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты. 

Өткен ғасырдың соңына таман

кеңес үкіметі ыдырап, соның нәтижесінде 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы

аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдың 25 қазанында тәуелсіздің

жөніндегі декларация қабылданды, ал 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін

жариялады. Тәуелсіздікті нығайту, оны әлемдік қауымдастыққа мойындату үшін

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді.

Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу

ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың

ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бұл үлкен ұлттар,

егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат

болуы тиіс. Еліміз жерінің аумағы жағынан бүкіл әлемде тоғызыншы орын алса,

қазақ халқы саны жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың

дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді. Тәуелсіздіктің арқасында

біз өз саясатымызды еркін жүргізіп, мемлекет мүддесіне орай саяси, халықаралық,

экономикалық байланыстарымызды дамыту үстіндеміз. Қазақ жерінің байлығы, мол

табиғи ресурстары еліміздің әлеуметтік өркендеуіне бастап келеді. Осының бәрі

тәуелсіздік тұсында қол жеткен табыстар.

1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-тың

жарлығымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні болып жариялан-ды. Қыстың қақаған

аязды күні тәуелсіздік күні етіп таңдалды. Мұның себебін елдегі еңбектеген

баладан еңкейген қарияға дейін түгел білсе керек. 1986 жылы болған оқиға елдің

еңсесін көтеріп, отаншылдық отын маздатқан-тұғын. Халықтың сондағы тілегі көп

ұзамай қабыл болып, тәуелсіздік туы ел көгінде желбіреді.

Қазақ елінің егемендігін, хал-қының азат өмір кешуін көру

– ата-бабамыздың армандап кеткен тілегі. Олар бұл күнге жетпеді, алайда оның

қадірін бүкіл болмысымен білді, болашақ ұрпағына соны тіледі. Жиырмасыншы ғасыр

басындағы Отанымыздың тарлан тұлғаларының да Тәңірден тілеген тілектері –

тәуелсіздік еді. Сол шақтың зиялылары барлық білімдері мен күш-қайратын ел

егемендігі үшін жұмсады. Осы ұлы мақсат жолында қасық қаны қалғанша күресіп,

тіпті жандарын құрбандыққа қиды.

Қазіргі таңда ғаламдағы барлық еңселі мемлекеттермен

терезесі тең, иманға ұйыған егеменді елміз. Бұл бүгінгі елжанды аға-лардың

жанпидалығының арқасы. Аллаға мың да бір тәубе. Алдыңғы ұрпақ халық алдындағы

аза-маттық парызын өтеді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрды. Егемендіктің

ертеңі – бізге аманат. Тәуелсіздігімізді Алла тағала баянды еткей.

Ата Заңымыз бойынша, Президент –

мемлекет басшысы, мемлекетiмiздiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағытын

анықтаушы және Қазақстанды ел iшi мен халықаралық қатынаста көрсетушi ең жоғары

қызмет иесi бола отырып, бiрiншiден, халық пен мемлекеттiк билiктiң бiрлiгiн

бейнелейдi, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен

бостандықтарының нышаны әрі кепiлi болып табылады, екiншiден, мемлекеттiк билiк

тармақтарының өзара үйлесiмдi түрде әрекет етуiн, билiк органдарының Қазақстан

халқы алдында жауапкершiлiктi сақтауын қамтамасыз ететін тұлғаға айналды.

Бүгінде еліміздің ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы

саясаттағы табыстарымызға өзгелер қызыға қарайтын дәрежеге жеттік. Бірнеше ұлт

пен ұлыстың тату тәтті мекеніне айналған елімізде дінаралық татулық, өзара

түсінушілік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін

көрсетуде.

Қазақстан аумақтық тұтастық пен тиіспеушілік кепілдігіне

ие болды, сыртқы саяси-экономикалық саясатта «ТМД», «Азия-Тынық мұхит аймағы»,

«Азия», «Еуропа», «Америка» бағыттары даму үстінде, қалыптасқан шекаралардың

бұзылмауы жөнінде іргелес мемлекеттермен ресми келісім-шартқа қол жетті,

беделді халықаралық ұйымдар мен бизнес алпауыттары елімізбен санасып отыр.

Зерттеудің мақсаты: Мәңгілік елдің президенті. Қазақ – мұсылман

халық, оның діні – Ислам екендігін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үнемі биік

мінбелерден айтып келеді. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған

ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін

қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған.

Зерттеу міндеттері:

- Ел бірлігі - біздің

барша табыстарымыздың кілті туралы анықтау;

-       

Тұрақтылық пен келісім – әрбір

әкімнің, әрбір басшының, әрбір азаматтың күн сайынғы жұмысы туралы мазмұндау;

-Ұлттар достығы – біздің

тыныс-тіршілігіміз туралы айту;

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының Елбасы

Зертеудің әдіс-тәсілдері.

Жұмыс барысында сипаттамалы,

салыстырмалы, жүйелеу сияқты түрлері қолданылды.

Зерттеудегі ұстанымым:

Тақырыпты зерттеп мән-

мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу.

 

1. Елбасының өмір жолы

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін

сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр,

халқы мейірімді ғажайып өлке. Республикның өз алдыма дербес мемлекет болып,

тәуелсіздігін алғанына биыл 25 жыл толғалы отыр. Осны ойласам кеудемді үлкен

қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін!

Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің

бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін

білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен,

үлкен үмітпен қараймын.Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз

таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның

мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге

танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған,  болашақты көрегенділікпен саралап, болжай

білетін азамат. Өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған

ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле

Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың

шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат

таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі

есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала

мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін.

Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да

немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы

Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді,

қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде

де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен

адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев

1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге

келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады.

Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ

еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық

дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева

1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан

тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты

зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары

әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  Жас

кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп

жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық

сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың

берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені

тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата

туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын

жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі

және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың

наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде

өмір кешпей,  еңбек жолын Теміртаудан

бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы

болар.Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды.

Ел сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі

деп есептемей. «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде

халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды.

Ата-бабаларымыз Батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен,

ақтық демі біткенше, елін дұшпанға таптатпай, Алтайдан Дунайға, Сібірден

Шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана

зұлматтарынан аман алып қалып отырған. «Ақтабан 

шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де

тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Ата-баба ның сол тізгінің Елбасының Нұрсұлтан

Әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. Олай деуімізде де себеп бар. өйткені,

Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз

еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің ата заңы

Конституциясы мен рәміздері өмірге келді.

Тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен

Ұлттар  Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана

тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом

полигонының жабылуы – бәрі де Елбасына тікелей араласуымен болған. Ел ордасы

болып Астана бой көтерді. Бұл қала өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен,

сан-алуан тарихи және мәдени 

ескерткіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мұнда

тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде "Ақорда”, "Бәйтерек”,

"Бейбітшілік және келісім сарайы”, "Думан” орталығы секілді көптеген

ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. Әсем қаламыз – Астананың жылдан-жылға

жаңарып, көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор. 1998 жыл «Халық

бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған,

анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды.

1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен-тек

емес. Президентіміздің тпсырысымен көптеген қазақ азаматтары өзінің

ата-бабларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ қазақ еліне келіп, өмір

сүрулеріне мүмкіндік алды. 2000 жыл «Мәдениетті қолдау» болып жарияланған.

Мәдениет -әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы.

Жаңа ХХІ ғасырға қадам басқан шақта қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін

басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасының Н.Ә.Назарбаев сол туралы: «Біз –

талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз». Ата – дәстүрін,  ана – тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып

жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері – қазына. Біз сол

өнерді жалғастырушыларымыз» - деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан

қалған  қазынаны ұмытпауға үндеді және

оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады.Президентіміз белгіленген «Қазақстан –

2030» бағдарламасы және жыл сайынға Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да

ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың

қолында»,- деп бізге үлкен сенім білдірді. «Хан біреу болса керек, қалғандары

тіреу болса керек», - деген есті сөз бар. Американдықтар Дж.Вашингтоның,

орыстар Бірінші Петрді, түріктер Ататүркті қастерлейді. Оларды шын

мәніндегі  мемлекеттерінің негізін

қалаушысы, ел тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстапшысы, ту көтерген

тарихи тұлғасы ретінде құрметтейді. Сондай текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаев.

Нұрсұлтан Әбішұлының «Тарих толқынында» еңбегі барысында 1999 жылы Мұхтар

Құл-Мұхамедке берген сұхбатында: «Мен Елбасы болсам да, қазақ деген атасын

ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласынасыйынған елдің бір

перзентімін» дейді де Президентіміздің ұлылығы мен көрегенділігін айқын

түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не

екенін үйретері сөзсіз. Мен осы ізгілікті жадыма сақтай отырып, ел тәуелсіздігі

мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.

Қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск

техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына

қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік

партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін

бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды

металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға

газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

·                

1960—69 жж. — Қарағанды

металлургия зауытында жұмыс істеді.

·                

1969—73 жж. — Қарағанды

облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер

атқарды.

·                

1973—77 жж. —

Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

·                

1977—79 жж. — Қарағанды

облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

·                

1979—84 жж. — Қазақстан

КП Орталық Комитетінің хатшысы.

·                

1984—89 жж. — Қазақ КСР

Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

·                

1989—91 жж. — Қазақстан

КП ОК бiрiншi хатшысы,

·                

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында

Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

·                

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР

президенті.

·                

1991 ж. желтоқсанның

1-інде тұңғыш рет Қазақстан

Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.

·                

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық

референдум нәтижесінде Қазақстан

Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін

ұзартылды.

·                

1999 ж. қаңтардың

10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н.

Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан

Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

·                

2005 ж. желтоқсанның

4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан

Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]

·                

2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың

95,5 % дауысын алып, Қазақстан

Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[2]

·                

2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың

97,7 % дауысын алып, Қазақстан

Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Ғылыми еңбектері

Кітаптары

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және

әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша

кітаптардың авторы:

·                

«Важнейшее

условие интенсификации» (А., 1983),

·                

«Стальной

профиль Казахстана» (А., 1984),

·                

«Экономика

Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

·                

«Без

правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного

государства» (А., 1992),

·                

«Стратегия

ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

·                

«Идейная

консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

·                

«Нарық

және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

·                

«Ғасырлар

тоғысында» (А., 1996),

·                

«Евразийский

союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

·                

«Тарих

толқынында» (А., 1997),

·                

«О

времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

·                

«Стратегия

трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),

·                

«Бейбітшілік

кіндігі» (А., 2002),

·                

«Сындарлы

он жыл» (А., 2002),

·                

«Еуразия

жүрегінде» (А., 2005).

·                

«Қазақстан

жолы» (А., 2012).

·                

«Тәуелсіздік

белестері» (А., 2012).

·                

«Ғаламдық

қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» (А.,

2012).

 

2.  Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі!

Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. «Төбесіз

жер, төресіз ел болмайды». Бағзыдан бүгінге жеткен бұл өсиет тектен-текке

айтылмаса керек. Кешегі тар жол, тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-алаң

шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, кеткен есемізді қайтарып, шекарамызды

шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан

ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, айналдырған 12 жылда Астанасын

салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына

қай кезде де айтар алғысымыз шексіз! 

Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі ұраны – Президент

пен халықтың біртұтастығы. Біз қазіргі таңқаларлық жетістігімізді одан әрі

баянды етуге ұмтылсақ, өзіміздің және келер ұрпақтың тағдырына сенімді болғымыз

келсе, Қазақстанды Орталық Азияның ғана емес, еуразиялық ұлан-байтақ

кеңістіктің қуатты да беделді мемлекеті ретінде көруді қаласақ, ішкі бейбіт

өмір мен ұлттық рухани гүлденуді таңдасақ, жаңа ХХІ ғасырдың төріне Елбасымен

бірге қадам басуға тиіспіз. Бұл қазіргі зымыран уақыттың талабы. Бұл –

өркендеген, талғампаз да зерделі халқымыздың талабы. Бұл – барды бағалай

білген, асылын ардақтай алған көкірегі ояу барша азаматтың мұраты. 

Абзал ағамыз Бәйкен

Әшімовтің: «Екі тізгін бір шылбырды қолына еркін бергеннің арқасында, ел

бастаған еріміз деп бүкіл халық боп сенгеннің арқасында, азаматымыз алға

апарады деп соңынан ергеннің арқасында Нұрсұлтан Әбішұлы елдің көшін бір

белестен бір белеске биіктетіп алып бара жатыр. Ана талапты

сақтаймыз, мына жердің көңілінен шығамыз деп жүріп, саяси тартыстарды қолдан

ұйымдастырып, көш қарқынын қолдан кідіртетін, ...халықты текке ырың-жырың

ететін, жасампаздық істен алаңдататын қадамдардың ешқайсысының да қажеті жоқ.

Елдің тізгіні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында барынша ұзақ болуы үшін

біз қолда бар мүмкіндіктердің бәрін де жасауымыз керек ... Тоқсаннан жасы асқан

мына маған енді ештеңенің де керегі жоқ. Тек елдің тыныштығы, жердің бүтіндігі,

елдің мерейі керек. Соның бәріне халқымызды жұмылдыратын , алыс асқарларға

ұмтылдыратын Азамат бізде бар. Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен біздің алар

асуларымыз әлі алда. Елбасымыздың бергені көп, берері одан да көп. Ендеше,

азаматтың тілеуін тілейік»- деген сөзінде Елбасына деген үлкен сенім жатса,

халқына Елбасына қолдау көрсету керектігін аманаттағаны анық көрініп тұр. 

Кейбіреулер ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аттың

үстінен түспей ел, жер тұтастығын қорғап, армандап өткен тәуелсіздікті

бүгіндері бағаламай, есіктен өзі кіріп келгендей сөйлейді. Бұл жақсылық емес.

Тәуелсіз ел болу бар да, тәуелсіздікті баянды ету бар. Ешкімге бодан

болмағанымен терісі сүйегіне жабысып, үрерге ит, сығарға биті жоқ, аш-жалаңаш

отырған мемлекеттер көп. Біз осындай ауыр кезеңге соқпай өттік.Тәуелсіздік

алдық дегеніміз болмаса көптеген елге кіріптар едік. Сол кезеңдерде Елбасымыз

“мұның бәрі уақытша қиындық. Өтеді де кетеді. Қазақстан әлемдегі қуатты

мемлекеттердің бірі болады Маған сеніңіздер” дегенде қиял-ғажайып ертегісін

тыңдағандай халде болғандар бар. 

Тәубешіл халқымыз алдағы күндерге сенгенімен бүгінгідей

бақуатты өмірді көз алдына елестете алмайтын еді.ТМД елдерінің ішінде тез ес

жиған, экономикалық қуаты еселенген, тамырын тереңге тартқан алып бәйтеректей

мығымдала түскен мемлекеттердің бірі Қазақстан болды. Бодандық қамытын

сыпырғанда қазынасында көк тиыны болмаған Қазақстанның қазір Ұлттық қорында

60млрдқа жуық доллары бар. Бұл көршілес елдердің түсіне кірмейтін байлық.

Өңірлер өсіп, өркендеп келеді. Оны өз облысымыздан да көріп отырмыз. Кеңес

Одағы дәуірлеп тұрған кездің өзінде шеше алмаған күрмеулі мәселенің түйіні

қазір ағытылып келеді. Барлық керек жарағы сай, компьютерлер мен озық

технологиялармен жабдықталған небір жаңа мектептер мен ауруханалар беріліп

жатыр. Жұмыс жасаймын деп талпынған адамға байлыққа кенелетіндей жағдай

жасалған. 

Ауыл шаруашылығы өсірген мал, еккен көкөніс, жеміс

ағаштары, тыңайтқыштары үшін мемлекеттен субвенция алып жатыр.Осыдан он-он бес

жыл бұрын Қазақстанның атын естімеген мемлекет көп болса, қазір мемлекетімізді

бүкіл әлем таниды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Еуропа төрін ұсынды.

ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті арқылы әлем Қазақстанды саяси зерделі ел ретінде

таныды. Астанада өткен Саммит әлемдегі талай күрмеулі мәселелердің түйіні

тарқатылатындай жұмыс жасады. Өркениетті елдердің президенттері үлкен баға

берді. Қазақстандай қуатты мемлекеттің болашағына сүйсінді.Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев азаматтардың тең құқылығын, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз

етті. Қазақстандағы этносаралық келісім моделі де елімізді бүкіл әлемге үлгі

етті. Сауал салудың рейтингі көрсеткендей, Назарбаевтың шоқтығы биік. 

Негізінде демократиялық биліктің мәртебесі емес, оның

тиімділігі маңызды. Қазақстан осы бағытпен келеді. Әлеуметтік жағдайларға

байланысты елден жырақ кеткен қандас бауырларымыз бүгінде ғаламның түкпір

түкпірінен Елбасының шарапатты саясаты арқасында атамекеніне көптеп орала

бастады. 

Елбасы басшылығымен қаржы

дағдарысының өзінде мемлекет халықтың денсаулығын, әлеуметтік жағдайын нығайту

үшін барлық мүмкіндікті жасап отыр. Жастығына қарамай 2010 жылы

ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, әлем таныған тәуелсіз Қазақ елінің бүгінгі

қоғамдық-саяси дамыған мемлекет екенін мойындатты. Кәрі құрлықтың төрінде

отырып, төрелік айту Тәңірдің қазақ халқына жасаған сыйы. Осылайша, Тәуелсіз ел

болып іргемізді бекітіп, шаңырағымызды көтерген жылдар ішінде алынған асулар

мен жеткен биіктер аз емес. Қазақстан келер жылы Ислам Конференциясы Ұйымына

төрағалық жасайтын болады. 

Тәуелсіздік алған жылдар

ішінде жас мемлекетіміз қалыптасып, тұрақты даму жолына түсті. Еліміз

көпұлтты әрі көп дінді мемлекет болғандықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси

тұрақтылықтың басты кепілі – ұлтаралық және дінаралық ынтымақты үнемі назарда

ұстауда. 

 

3. Елбасы салған сара жол

 

Елбасымыздың қай Жолдауы,

қай үндеуі болсын арманға қанат бітіріп, сол қанатқа отаншылдық, ұлтшылдық,

қасиетті тіл, сыр тұнған тарих, туған ел секілді ұғымдарды іледі. Әр үндеуі

көрегендікті, ұлылықты, асқан парасаттылықты, қазақ еліне тән даналықты

көрсетіп тұрғандай сезіледі маған. Оған дәлел «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның

ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің

нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де

иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген қанатты сөздер деп білемін.

Қазақстан қысқа мерзім

ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды. Елімізде кәсіпкерлікті дамыту жүзеге асырылуда. Аз ғана жыл

ішінде Қазақстанда 200 мыңдай шағын және орта бизнес кәсіпорындары пайда болды.

Елімізде тағы басқа

демократиялық істер жүзеге асырылды.

1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді.

Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан

мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып,

практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине,

бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген

мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру.

Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын

қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне

Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500

жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ

арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей,

барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды

ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша

қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ

олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент

Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың

Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін

тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД

елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп,

тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды.

Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық

түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан

қазақстандықтардың

Н.Ә.Назарбаевтың

«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамыуның стратегиясы» атты

кітабында көрсетілген міндеттер жүзеге асырылуда. Еліміздің «Қазақстан 2030» атты ұзақ мерзімді

бағдарламасында алдағы дамуы айқандалды.

Қазақстан әр бір ұлт

өкілдерінің өздерінің мәдени орталықтары ашылған. Еліміздің

болашағы халықтьардың келісімі мен бірлігіне

байланысты. Қазақстаннның еі зор байлығы – оның халықтары, олардың өзара

татулығы. Қазақстанды мекендейтін әр текті ұлттар бір – біріне көмектесіп, тату

турады. Қазақ халқы – қайырымды халық. Ол әрқашан мейірімді, қонақжай. Қазақ

халқының бай тарихы бар. Оның тарихында аса ірі тарихи тұлғалар мол.

Халық туралы білу үшін, алдымен, оның тілін, салтын,

тарихын, дәстүрін, ұлы адамдарын білу керек. Тарихи тұлғалардың өмірін,

ойларын, ісін білсең, қазақ туралы да білгенің. «Бірлік болмай, тірлік болмайды»-дейді

қазақ мақалы. Шынында да солай. Бізге бірлік керек. «Біз ешкімге тиіспей жатқан

елміз» - деп

Қазыбек би айтқандай, елімізде

тұратын барлық ұлттар татулық пен тыныштықты тілейді.

Отаным – менің мақтанышым, абыройым. Еліміздің ұлан

байтақ жері. Бейбіт сүйгіш халқы бүкіл әлемге танымал. Бар әлем біздің

жеріміздің кеңдігіне, жер қойнауының байлығына, асу бермес заңғар тауларға, кең

жайлаулар, шалқыған көлдер мен мың бұрала аққан күміс күлкілі өзендерге қызыға

да, қызғана да қарайды. Жеріміздің әсем табиғаты, сылдырлаған мөлдір бұлақтары,

тып-тынық, таза көлдері, сарқыраған өзендрі, көк тіреген алып таулары, барлығы

мейірбан халықтарымыздың байлығы. Осындай бай халықтың ұлы жетістіктерге жетуі

– біздің қолымызда! Ел тәуелсіздігі

ұрпақтар қолында. Біз елбасының

бағдарламасын яғни жолдауын қолдаймыз. Елдің, жердің тазалығын

сақтайтындарда – біз. Президентіміздің жолдауында жастарды салауатты өмірге

үйрету туралы айтылған. Қазақстанның экологиясы нашар аймақтарына Қызылорда,

Семей жатады. Өркениетті ел болу үшін

экономикамызды, мәдениетімізді, тілімізді дамытуымыз керек. Туған жерді

қадірлеу, оны көз қарашығындай қорғау, әр азаматтың игі міндеті!

Президентіміз белгілеген

«Қазақстан-2030» бағдарламасы және жыл сайынғы Жолдауы – біздің адаспайтын

жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы

жастардың қолында»,- деп бізге үлкен сенім білдіреді. Осыны біле отырып: «Біз

елімізге қандай жақсылықтар әкелер екенбіз?»- деген ой толғайды. Ал осы сұраққа

тек білім арқылы жетуге болады. Бізге дейінгі атқарылған игілікті істерді

құрметтеп қарауымыз керек. Ел Президентінің «Хан біреу болу керек, қалғандары

тіреу болу керек» деген есті сөзі бар. Оның мінісі, қазіргі қисынға жүгінгенде,

тарих тегершігін айналдыруда жеке тұлға, ел көсемі дегенге сай келеді. Бұл –

бір қазақ емес, әлемнің бар халқы мойындаған ақиқат. Елбасымыздың қандай ұлы

адам екенін мына өлең жолдарынан анық байқауға болады.

                                        Гүлдене

бер, Отаным,

                                        Көтерген

туын Нұр ағам!

                                       

Көбейткен достың қатарын,

                                        Нұр аға

– біздің ұлы адам.

Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге

келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп,

жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған Елбасы Нұр

ағама ерекше ілтипатпен қараймын. Қанатты көкке қаға бер, Елі сүйген, Елін

сүйген Елбасы!

 

4.  Қазақстанның болашағы

 

Болашақты алыстан болжайтын 

стратег саясаткер Нұрсұлтан 

Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға  дейін әлемдегі ең

жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси  даму

стратегиясына негіз ете 

отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға  тиісті жеті

басымдықты белгілеп берді. 

Олар: жаңа бағыттың

экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа

принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық

демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм.

Жаңа бағыт экономикалық

саясатының мәні – түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде

бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту. 2050

жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық

стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс.

 «Алдымен экономика, cодан

соң саясат», деген Қазақстандық даму формуласы өміршеңдігін дәлелдеп келеді.

Тәуелсіздік алған жылдары басталған экономикалық модернизация бүгінде қолтығы

сөгілген жабығыдай жұлқынып тұр. Дүркін-дүркін бағдарламалар қабылданды.

Қадау-қадау жоспар, жобалар жүзеге асты. Соның нәтижесінде, экономиканың екпіні

артты, бойға қуат бітті. Тәуекелшіл экономиканың басты жауы саналатын қаржылық

дағдарыстың екі толқынына төтеп бердік. Іркес-тіркес келіп соқтықтан бұл дағдарыстар

қазақ экономикасының қамалын алып, діңгегін шайқай алмады. Тек банк секторы,

құрылыс индустриясы секілді бұтақтарын теңселтіп кетіп еді, қазір Үкімет

қамқорлығының арқасында, олар да есін жинап, ел қатарына қосылып қалды.

«Жаһандық дағдарыстың әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді

үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз - егемендік

жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды

жалғастыру», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында.

«Қазақстан-2050» стратегиясында Ұлттық экономиканың жетекші күші саналатын

кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға баса мән берілді. Бизнестің тынысын тарылтып

тұрған әкімшілік кедергілер тағы да азайтылады, кәсіпорындардың

өсіп-өркендеуіне жасанды бөгет жасайтын мемлекеттік қызметкерлерді жазалау

механизмі қатаңдатылады. Осындай қамқорлықтың арқасында, шағын және орта

бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуі

тиіс.

 

Халқымыз үшін қашанда Жеті

санының орны бөлек. Жеті ырыс, жеті қабат көк, жеті қазына: айта берсек жеті

санына байланысты қасиетті ұғымдар өте көп. Еліміздің жаңа ғасырдағы басты

бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясы да жеті басымдықтан тұрады.

Тәуелсіздіктің тартуы ретінде халқымыз құн жетпес Жеті қазынаға ие болды.

 Бірінші қазына – Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген

Мәңгілік Еліміз. Біз шекарамызды шегендеп, іргемізді бекіттік, көршімен тату,

алыспен сыйлас,  ісі ілгері басқан жасампаз Ел болдық. Біздің мұратымыз –

Мәңгілік Еліміздің асқақ болмысын аялап, 21 ғасырдың төріне оздыру.  

Бірінші игілігіміз. Біздің

қасиетті де лайықты еліміз – мәңгілік ел. Он төрт мың километрден астам

талассыз шекарамыз біздің Отанымызды біртұтас монолитке шегендеді. Олар барлық

шектес елдермен ізгі көршілестіктің шебіне айналды.

Екінші қазына – Ел

бірлігі. Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра білдік. Тыныштық

арқылы тұрақтылық, татулық арқылы тұтастық төрімізге озды. Барша этностар ел

иесі – қазақ ұлтының маңына ұйысты.  Тегі бөлек болғанмен тілегі бір, қаны

бөлек болғанмен жаны бір тұтас халық болды. Бірлік, береке – біздің басты

байлығымыз, құн жетпес қазынамыз. Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық,

тілегіміз – татулық болса еліміз тарих төрінен табылады.

Тәуелсіздік халықты

Ассамблеяның – бейбітшілік пен келісімді сақтаушының біртұтас шаңырағының

астында  тұтастыра түсті. Біздің рухани бірлігіміз – зайырлы мемлекет пен

қоғамның басты іргетасы.

Үшінші қазына –

тәуелсіздікпен бірге түлеген төл мәдениетіміз бен туған тіліміз.

Азаттықпен бірге ұлттық рухымыз

асқақтады, мәдениетіміз мәңгілік құндылыққа айналды. Ата дініміз оралып, ана

тіліміз тұғырына қонды. Қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі ғана емес, түркі

әлемінің жетекші тілдерінің біріне айналып келеді. Аймақтарға сапарларымның

бірінде Ассамблеяның қазақша еркін сөйлейтін бір өкілі: «Мен мемлекеттік тілді

меңгерумен бірге, 25-тен астам түркі тілдес халықтың мәдениетіне есік аштым»,

деген еді.    

Қазір қазақ тілін көрші

елдерден өзге Әзірбайжан мен Армения, Беларусь, Польша, Мажарстан, Оңтүстік

Корея, Германия, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің белді оқу орындарында

оқытады. Бұл мемлекеттердің қатары жыл өткен сайын толығуда.  Әйгілі

Кембридж университетінде қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті туралы арнайы пән

бар. Осының барлығы Қазақ тілін өзіміздің құрметтей бастауымыздың және оған

қажеттілік күн санап арта түскенін көрсетеді. Мемлекеттің саясаты қазақ тілінің

мәртебесін нығайтып, оның қолдану аясын кеңейте түсті. Ол отандық ақпарат

құралдарының, мемлекеттік қызметтің, интернеттің, ғылым мен білімнің тіліне

айналды. Оқушылар мен студенттердің басым көпшілігі қазақ тілінде білім алуда.

Қазір барша қазақстандықтардың 70 проценті мемлекеттік тілді меңгерген.

Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық

мәдениетіміз қайта жаңғырды. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып,

кеткенімізді келтірдік, кемдігімізді толтырдық. Көмбелерімізді аршып,

тарихымызды түгелдедік. Қазақтың асқақ өнері мен бай мәдени мұрасы әлем

халқының рухани байлығына қосылды.

Төртінші қазына: индустриялық-инновациялық

экономика. Индустриялық бағдарлама – біздің  экономикамыздың болашағы.

Бүгінде біздің жеріміздің байлығы бүкіл халықтың игілігінде және соған

қызмет етеді, халықтық әл-ауқаттың тұрақты артуы үшін жағдай туғызады.

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, осы жылы Қазақстан минералдық

ресурстарды басқару жөніндегі әлемдік рейтингте 19-шы орын алды. Біз жаһандық

дағдарыстардың сабақтарын жақсы меңгердік. ХХІ ғасырда барлық табысты ұлттардың

жолын индустриялық әлеует пен инновациялар айқындайды. Сондықтан

индустриялық-инновациялық дамудың жоғары нәтижесі – Тәуелсіз Қазақстанның

экономикалық бекемдігінің басты мәселесі. Индустрияландырудың алғашқы

«бесжылдығын» жүзеге асыра отырып, біз 200 мыңнан астам жұмыс орны құрылған 700

мүлдем жаңа кәсіпорын салдық. Оған біз 2 триллион 100 миллиард теңге жұмсадық,

бірақ бұл кәсіпорындар тек осы жылы ғана 2 триллион 300 миллиард теңгенің

өнімін өндірді. Осылайша, салынған қаржы қазірдің өзінде өзін өзі ақтап жатыр.

Бесінші қазына: Ұлттық байлығымыздың,

әл-ауқатымыз бен әлеуетіміз түп негізі – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

   

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы – ұлттық байлықтың  түпнегізі.

Қазақстан мен қазақстандықтардың қолындағы қазіргі бар нәрсеге біз тер төге

еңбек етудің нәтижесінде жеттік. Еңбек әр адамды мейірбан, ал елді ұлы етеді.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы – Тәуелсіздікті нығайту жолындағы күрделі

жұмыс  кезінде туған біздің қазақстандық идея.

Алтыншы қазына: еліміздің жүрегі,

тәуелсіздігіміздің бойтұмары, әсем қаламыз – Астана.

Бүгінде Астана – мемлекет қуатының архитектуралық  жүзеге асуы.

Оның жаңа орамдарында, алаңдарында, саябақтары мен  сәулеткерлік

шедеврлерінде біздің Тәуелсіздігіміздің Ұлы Тарихы айнадағыдай көрінеді.

Сондықтан Астанаға деген сүйіспеншілік – әрбір қазақстандықтың біздің ортақ

Отанымыз  – Қазақстан Республикасына  перзенттік сезімі. Бұл жаңа

қазақстандық патриотизмнің алтын арқауы.

Жетінші қазына: Қазақ елінің абыройын

асқақтатып, бүкіл әлемді мойындатқан жаһандық жауапкершілігі мен барша

адамзаттық бастамалары.   

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біздің еліміз өзін

әлемге  жауапкершілікті егемен держава ретінде жариялады. Әлемдік

қоғамдастық біздің жаһандық ядролық қауіпсіздікті, мәдениеттер мен діндердің

үнқатысуын нығайту туралы бастамаларымызды жоғары бағалайды. Үстіміздегі жылы

Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы туралы келіссөздер үдерісіндегі

серпінділікке қол жеткізуге өзінің үлесін қосты. Алматыда өткен көпжақты

келіссөздердің  екі раунды көп жағдайда сенімсіздік мұзын ерітсе, ол

Женевадағы уағдаластықтарға алып келді. Астана ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесін

өткізуге дайындық жүргізуде. Осының барлығы біздің Тәуелсіздігіміздің

 баға жеткізгісіз табысы, оның нақты жемістері мен перспективалары.

Жылға бергісіз күндер, ғасырға бергісіз жылдар болады. Біз үшін өткен

22 жыл дәл осындай кезең. Біз үйренетін ұлттан, үйрететін ұлтқа, жығуға емес,

жығылмауға ұмтылатын елге айналдық. Бүгінгі ісімізге қарап ертеңгі ұрпақ бізге

баға беретін болады. Осы Жеті Қазынамызды дәріптеп, дамыта білсек, ұрпақ

алдында жүзіміз жарқын, мерейіміз үстем болады.

Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұлы мақсаттарына ұмтылдық. Әлемнің

ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуға қадам бастық. Оған бізді

адастырмай апаратын жалғыз ғана жарық жұлдызымыз –  Темірқазығымыз бар. Ол

– тәубе қылатын, тәу ететін біздің ұлы Тәуелсіздігіміз.  Тәуелсіздік –

жасампаз халқымызға сарқылмас қуат беретін, көзіне нұр, көңіліне шуақ құятын

кәусар бұлағымыз.  Біз кемеңгерлігі мен көрегендігі, бірлігі мен бірегей

мақсаткерлігі қатар өрілген Мәңгілік Елімізді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздіктің

туын тігу бақыты мен оны баянды етіп, нығайту міндеті біздің маңдайымызға

жазылды. 

Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мәңгілік Елдің жүрегіне айналған

 мәңгілік Астанамызды тұрғыздық. Мәңгілік мызғымас экономика қалыптастырып,

Мәңгілік өшпес  жылнама жаздық.  Мәңгілік болашаққа жол салдық.

Осының барлығы тәуелсіздігіміздің тартуы, азаттығымыздың асыл қазынасы.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мәңгілік Еліміздің келбеті

сәнді, еңбегі мәнді болсын! Күллі халқымызға берекелі бірлік пен баянды тірлік

тілеймін!

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасы Президентінің бүгінгі таңда

әлемдегі дағдарысқа мойынсұнбай, экономикасын шайқалтпай, халықтың әлеуметтік

жағдайын жақсартуға барынша шаралар қабылдап, көрегенді саясат ұстанып

отырғаны, тәуелсіз Мемлекет басшысының кемеңгерлігін көрсетсе керек. 

Елбасы толық аумақтық тұтастықты сақтау арқылы тәуелсіз

мемлекеттің іргесін нығайтты. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық бірлікті

қалыптастыру арқылы Қазақстанды ынтымағы жарасқан, достық атты теңдессіз

құндылыққа сүттей ұйыған, тілегі де, жүрегі де бір ұлттардың сәулетті отанына

айналдырды. Шетелдік инвестициялар мен ішкі даму қорларын ұлғайта отырып, ашық

нарықтық экономикаға негізделген үдемелі экономиканы өрістетті. 

Мен ел Президентінің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін

зор алғыс сезімімен жоғары бағалаймын және мақтан етемін. Заманымыздың ұлы

қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін, туған халқының дана

перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін, әсем де айбынды

Астанамен салтанатымызды асырғаны үшін мың да бір рахмет айтамын. 

Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген

Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенемін!

Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді

еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да,

дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы  осы

даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа

ұлт  өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан

ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар,

салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да

достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін

ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.

Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және

онымен мақтанады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік

саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылда біздің

тәуелсіздігімізге 21 жыл орындалды. Сөз жоқ, Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Бұл

барлық еңбекқорлықтың, халықтардың достықтың нәтижесі.

Қазіргі Қазақстан – егемен, демократиялық, зайырлы,

құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Әрине, бізге қайда ұмтылу бар. Ғылымды даму,

ауылдарды демесу, жемқорлықты жою керек. Бірақ барлық Қазақстан жетістіктері

алда болады. Мен сенемін.

Біздің елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев, дана адам, шебер

саясатшы, нағыз отаншыл. Ол – Ата Заңның гаранты. Біздің Ата Заңымыз – негізгі

тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар.

Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді,

тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен

қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен

мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.

Бізге жол сілтеуші жұлдыз елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың

бейбіт сүйгіш саясаты. Мен өз президентіме сенемін.

Отанымның жарқын болашағына сенемін!

Қазақстан

халқының дамуы мен гүлденуі жолында қыруар еңбек атқарған Елбасының

еңбегін бүкілхалықтық деңгейде бағалау соңғы жылдары анық көрініс бере бастады.

Алыптың қуатын халықтан, халықтың қуатын бірліктен көретін еліміз үшін Елбасының

қыруар еңбегін бағалау, ерекше атап өту маңызды болып табылды. Бұл қолдау –

еліміздің Тұңғыш

Президентінің

мемлекеттілікті нығайту, Қазақстанның серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуын

қамтамасыз ету және оның халықаралық беделін арттыруға бағытталған көреген

саясатын шүбәсіз мойындау болып табылады. Елбасының қыруар еңбегі

біржақты тұрғыдан ғана бағаланып қоймайды. Халық даналығындағы ханда қырық

кісінің ақылы болады деген сөз текке айтылмаса керек. Елінің дамуы,

тұрақтылығы, Ұлы көштен қалмауы үшін небір қиындықтарды өткеріп келе жатқан

Н.Назарбаевтың еңбегін халқы аса жоғары бағалайды. Туа біткен қасиетіне жүре

біткен сапасын тоғыстырған елін сүйген азамат ретіндегі болмысы қандай құрметке

болса да лайық. Жақсының жақсысын айтып, нұрын тасытатын халқымыз бұл орайда

жаңылған жоқ. Ақ киізге көтеріп сайлаған Тұңғыш Президентіне

сол күнді мәңгі есте қалдыру мақсатында желтоқсанның алғашқы күнін мереке

етіп берді.

 

Просмотров: 508


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст